YouTube тарихында алғаш рет бір пікір миллион лайк жинады

YouTube тарихында алғаш рет бір пікір миллион лайк жинады

YouTube желісі тарихында алғаш рет пікірге қойылған лайк саны миллионнан асты. Сет Эверман есімді қолданушының танымал әнші Билли Айлиштің "bad guy" деп аталатын әніне қалдырған пікіріне 1,2 миллион адам "ұнады" батырмасын басқан.

Әлеуметтік желі қолданушысы 5 айдай уақыт бұрын ән бейнебаяны соңына "мен тақырбас жігітпін» (bald guy) деп жазған. Ал аватарына өзінің тақырбас суретін жүктеп қойған. Бейнебаянды тамашалағандар Сет Эверманның шынайы пікірі үшін лайкты жаудырса керек?!

Сет Эверман видеохостинг басшылығына twitter желісі арқылы арнайы марапат беруді өтінді. Бірақ әлеуметтік желі тарапынан жауап берілген жоқ. Желі қолданушылары болса Сеттің пікіріне лайктарын әлі де тоқтаусыз басуда.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады