Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Airbus ұшақтың жүк бөлігін жолаушы тасымалдауға ыңғайламақ

Airbus ұшақтың жүк бөлігін жолаушы тасымалдауға ыңғайламақ

Airbus ұшақтың жүк бөлігін жолаушы тасымалдауға ыңғайламақ

Airbus авиақұрылыс концерні 2021 жылдан бастап кеңфюзеляжды ұшақтардың жүк бөлігінде жолаушыларды тасымалдауға ыңғайлы етіп жасамақ.

Алғаш болып жүк бөлігінде жолаушыларды A330 ұшағы тасымалдайды деп жоспарланып отыр. Артынша Airbus A350 ұшағына да өзгерістер енеді.

Өндірушілер жүк бөлігін әуеде ұзақ уақыт өткізетін ұшу барысында экипаж мүшелеріне арналған демалыс орындарына ұқсатып жасамақ. Жаңа жолаушы тасымалдайтын орында ұйықтауға, келіссөздер жүргізуге және балаларға арналған бөлмелер болады. A330 және A350 ұшақтарына төрт модуль орнатылады. Ұзындығы - 2,4 метр, ені - 4 метр, ал биіктігі - 1,55 метр болады.

Дайын конструкцияны жаңа ұшақтарды жасау барысында оңай орнататындай етіп құраған. Сондай-ақ, қазір қолданыста жүрген ұшақтарға орнатуға ыңғайлы.

Бұған дейін Airbus жолаушыларды ұшақтың жүк бөлігінде тасымалдауға болатын Transpose концептін ұсынған еді. Бұл әмбебап модульдерді кез келген ұшаққа орнатуға болады. Ал A330-200F ұшағына 12 бірдей модульді сыяды екен. Олардың ішінде жолаушыға арналған кресло, спортпен шұғылдануға арналған зал, жұмыс бөлмесі, ұйықтауға арналған бөлме, балалар бөлмесі қарастырылған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: freepik.com/
Қосылған күні: 10 сәуір, 14:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.