Meizu ешқандай батырма және саңылаусыз телефонын көрсетті

Meizu ешқандай батырма және саңылаусыз телефонын көрсетті
Фото: tecnocatweb.com

Meizu компаниясы жаңа Zero смартфонын ел назарына ұсынды. Құрылғының ерекшелігі, смартфонда бірде-бір батырма немесе саңылау жоқтың қасы.

Ұялы телефонның корпусы Unibody технологиясы бойынша күйіктастан жасалған. Смартфонда, тіпті, микрофон және дыбыс шығаруға арналған саңылау да, саусақ ізін қабылдайтын сканер де жоқ. 

Телефонда ешқандай саңылау болмаған соң тек сымсыз қуаттағышты қолдана аласыз. Дыбыстың даусын бәсеңдетіп және көтеретін батырмасы сенсорға ауыстырылған. Құлаққапты тек Bluetooth арқылы қоса аласыз. Қолданыстағы SIM-картаның орнына eSIM орнатылған. 

Әзірге өндіруші компания Zero смартфонын нарыққа шығармай отыр. Snapdragon 855 біркристалды жүйесі қолжетімді болған соң ғана телефон қолданысқа шығады.

Massaget