Apple cмартфондары 2020 жылы OLED дисплейге ауысады

Apple cмартфондары 2020 жылы OLED дисплейге ауысады
Фото: cnet.com

Apple корпорациясы 2020 жылдан бастап өз смартфондарында LCD (сұйықкристалды) экранды пайдаланбайды. Жаңа өнімдерінде заманауи OLED-дисплейді қолдануды бастайды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Корпорация смартфондарының OLED дисплейге ауысуы - зор серпіліс болмақ. Бұл арқылы дизаины да өзгеріп, иілгіштік мүмкіндігі болмақ. Қазіргі iPhone XR смартфондарының дисплейі өзге OLED дисплейлі бәсекелестерінен жиектемелері қалың. Ал бүгінде жиектемелері жұқа смартфондар сұранысқа ие.

Apple биыл шығатын 3 смартфонын күзде таныстырады. Оның бірі үшкамералы болмақ.  

Н. Үсенова