Жер орбитасындағы қоқыс жыл сайын 100 тоннаға артады

Жер орбитасындағы қоқыс жыл сайын 100 тоннаға артады
Фото: bbc.com

АҚШ, Ресей және ҚХР Жер шары айналасын ғарыш қоқысымен ластап жатқан жетекші мемлекеттер.

АҚШ ғарышты ластайтын мемлекеттер арасында көш басында болса, екінші орында Ресей, үштікті Қытай қорытындылап тұр. Орбитада ғарыш қалдықтары жыл сайын көбеюде. Соңғы үш жылда олар 2 пайызға немесе жылына 100 тоннаға артып отырған.

Ғарыш қоқысы көп жағдайда орбитал аппараттардың соқтығысып қалуынан пайда болады. Бұдан басқа орбитаны зымырандарды ғарышқа алып шығатын қосымша қозғалтқыш пен жылдамдататын боктарының өз миссиясын орындағаннан соң ажырап қалуы, істен шыққан жер серіктері, зымырандар ұшқан кезде бөлініп қалған кей бөліктер ластайды.

2017 жылғы статистика бойынша, Жер айналасында 10 сантиметрден қалың болған 18 мың нысан, 1200 жасанды серік, 750 мыңдай 1 сантиметр болатын темір бөлшектері, миллиметрден кішкентай 150 млн-дай қалдықтар бар.

Кейбір қоқыстар ақырын Жерге жақындап атмосферада жанып кетеді. Қалғаны орбитада айналып жүре береді. "Егер Жер орбитасын ластау шараларының алдын алмаса болашақта ол жарамсыз хәлге келеді", – дейді ғалымдар.

Т. Раушанұлы