Huawei смартфондары iPhonе-нан асып түсті

Huawei смартфондары iPhonе-нан  асып түсті
Фото: massaget.kz

2018 жылдың екінші бөлігіндегі көрсеткіштер бойынша, электроника дүкендеріне сатылымға әкелінген iPhone санынан Huawei смартфондарының саны көп болған. Бұл туралы ақпаратты Gartner сарапшылары жариялады.

Биыл тұтынушылар сұранысы бойынша Huawei компаниясының смартфондары көп сатылды. Осыған байланысты, компания «ең көп сатылған смартфондар» рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бірнеше жыл бойы бұл орында Apple компаниясының өнімі тұрған еді. Қытайлық компанияның биыл белсенді жұмыс істеуінің салдарынан атақты бренд бір сатыға төмендеді. Ал топ басында, әдеттегідей Samsung компаниясы тұр. Оңтүстік Корея компаниясы жылдың екінші бөлігінде 72 миллион смартфонын зауыттан шығарып, электроника дүкендеріне өткізген.

Дәл қазіргі уақытта, Huawei-дің көрсеткішін арттырып тұрған телефон – Honor 10. Бұл субфлагманның сатылымға шыққан уақытынан бастап, небәрі 3 айдың ішінде 3 миллион данасы сатылып үлгерген.

А. Қажиев