2018 жылдың ең таңдаулы 5 смартфоны

2018 жылдың ең таңдаулы 5 смартфоны
Фото: AKKet

АҚШ-тың Business Insider басылымы 2018 жылдың ең үздік 5 смартфонын атады. Ең бірінші орынға Қытайдың OnePlus 6 смартфонын қойған.

Аспан асты елі шығаратын өнімнің бірінші орынға шығуы смартфон камерасының сапасына байланысты таңдалған. Qualcomm Snapdragon 845 процессоры және 6 Гб жедел жадымен жабдықталған.

Рейтинг түзушілер Samsung Galaxy Note 9 смартфонына да назар аударып, OLED дисплейі мен камера сапасына жоғары баға берген. Samsung компаниясының Galaxy S9 смартфонын да үздік үштікке қосқан.

Business Insider 2018 жылдың үздік смартфондарының бірі ретінде LG G7 Thinq-ті де таңдаған. Бұл смартфонды iPhone X-тің Android нұсқасымен салыстырған. Арзан әрі сапалы, суретке тұнық түсіретін гаджет ретінде cатып алуға кеңес береді.

Үздік смартфондардың бестігіне Moto G6-ны енгізген. Бағасы 250 доллардан басталатын гаджет аккумулятор жұмысының ұзаққа шыдауы және сапалы камерасымен ерекшеленген.

Н. Үсенова