Ноутбугыңыздың экраны кішкентай болса...

Ноутбугыңыздың экраны кішкентай болса...
Фото: serty.ru

Кей бағдарламаларда жұмыс жасау кезінде ноутбуктың 1 ғана  экраны аздық етеді. Мысалы, монтаж жасау барысында. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін жаңа құрылғы жарыққа шыққан. Оның көмегімен қай жерде болмасын қолайлы жұмыс істей аласыз.

Ноутбук экранының диагоналі кішкентай бола тұра бір уақытта бірнеше бағдарламада жұмыс істеу сөзсіз қолайсыз екені анық. Дәл осындай жағдайда DUO деп аталған құрылғы көмекке келеді.

DUO – ноутбуктың сыртқы бетіне магнит арқылы орналастырылып, USB-дің көмегімен іске қосылатын қосымша монитор. USB портына байланыс келгеннен соң құрылғыдан шығатын арнайы дыбыстан кейін жұмысын бастайтын DUO жасырын тұрған терезелерді өзіне қарай ығыстыруға мүмкіндік береді.

DUO экранының диагоналі – 12-5 дюйм. Жеп-жеңіл материалдан дайындалған қосымша экран ноутбуктың салмағын айтарлықтай ауырлатпайды. Сонымен қоса, экран сізге қарсы беттегі адамға да экрандағы көріністі көруге мүмкіндік бере алады.

Бұл құрылғыны Windows, macOS, Linux және Android операциялық жүйелеріне байланыстыру толықтай қолжетімді.

А. Қажиев