Ютуб-блогерлерге жазылу ақылы болады

Ютуб-блогерлерге жазылу ақылы болады
Фото: vk.com

Youtube компаниясы видеоплатформа тұтынушыларына жаңа функция ұсынды.

Енді ютуб-блогерлер өз каналына жазылғысы келетіндерден ақы алады. Бұл блогерлерге жарнамасыз-ақ өз контентін монетизациялауға  ашылған жол болып отыр.

Channel Memberships функциясы 100 мыңнан астам фолловеры бар блогерлерге ғана қолжетімді. Каналға жазулы айына $ 4,99 тұрады. Блогерлер осы бағаның 70%-ын алып отырады.

А. Оралқызы