Маскқа әлемдегі ең көп жалақы тағайындалды

Маскқа әлемдегі ең көп жалақы тағайындалды
Фото: mport.ua

«Tesla» директорлар кеңесі жиылысында компания басшысы Илон Маскқа рекорд дәрежедегі жалақы тағайындалды.

Компания акционерлері Илон Масктың жылдық жалақысын $2,6 миллиард долларға дейін көтеруді қолдап дауыс берді. Бұл рекорд көрсеткіштегі жалақы. Әлемдегі ешқандай компания өз басшысына мұндай көлемді жалақы бермейді. Жалақының көлемі компания бюджетіне байланысты – компания акциялары қымбаттаған сайын Масктың жалақысы да көтеріліп отыратын болады.

Бірақ, бұл жайттың бір қызық жағы бар. Компания Илон Маскқа 10 жыл бойы 1 цент те төлемейді. Жалақының толық көлемін 10 жылдан кейін яғни бірден 26 миллиард долларды ала алады. Сонымен, Маск 2028 жылы бірден 26 миллиард долларға ие болайын деп тұр, бұл қаражат компания жетістіктеріне байланысты 50 миллиардқа дейін көтерілуі де ғажап емес.

Илон Маск бұл қаражатты алу үшін біраз маңдай терін төгуге тура келеді. Оған бірқатар міндеттер жүктелген. Солардың ішіне «Tesla» автокөліктерін сатылым ауқымын кеңейту, адамды Марс планетасына ұшыру, энергетика нарығын қолға алу, «Starlink» глобал серіктестік интернет қызметін қосу сияқты бірқатар маңызды тапсырмалар да бар.

Т. Раушанұлы