Илон Масктың жаңа жобасы

Илон Масктың жаңа жобасы
Фото: Рopmech.ru

«SpaceX» және «Tesla» компанияларының негізін қалаушы Элон Маск өзінің твиттер парақшасына «The Boring Company» құрылыс компаниясы тарапынан жобаланып жатқан электробустың видеосын жариялады.

«Менің ойымша, бұл транспорт туннелдер мен лифттер арасында автоматты түрде өз бағытын өзгерте алатын, сағатына 241 километрге жылдамдығын арттыра алатын жерасты автобусы болады», — дейді Илон Маск.

Бизменнің мәлімдеуінше, «The Boring Company» электробусы автомобилдер үшін емес, бәлкім жаяу жүргіншілер мен велосипедтер үшін маңызды. Масктың айтуынша, енді қала бойынша электробус станциялаларын салу жоспарланып жатыр.

 

Т. Раушанұлы