Британ ғалымдары су сіңіретін асфальт ойлап тапты

Британ ғалымдары су сіңіретін асфальт ойлап тапты
Фото: vk.com

Британиялық инженерлер барлық табиғи жағдайларда құрғақтығын сақтайтын инновациялық асфальт қаптамасын ойлап тапты. Жаңа Топмикс (Topmix) қаптамасын шетелдік Lafarge Tarmac компаниясы ұсынып отыр. Инновациялық бетон 60 секунд ішінде 4000 литр су сіңіреді.

Бұл жол бетоны суды арнайы ірі тастардан тұратын торлы құрылымы негізінде сіңіреді. Мұндай жолға төгілген су бірден жоқ болып кететініне төмендегі видео-материалды қарау арқылы көз жеткізе аласыздар.

Жолдың төменгі қабаттарына арнайы дренажды құбырлар орнатылып, сіңірілген су сол арқыры ағып кетеді. Бұл, әсіресе, сел жүру қаупі бар аймақтарға өте тиімді болғалы отыр.

Оның үстіне жолдың төменгі қабаттарында орналасқан су температура артқан кезде асфальтты қатты қызып кетуден қорғайды.

Бұл жүйе көлік жолдары, тұрақтар мен спорт алаңдарына қолданылуға тиімді. Алайда, температурасы төмен аймақтарда жаңа инновациялық бетонды қолдануға тиым салынады.

А. Оралқызы