"Iphone 7"-нің қандай кереметі бар?

"Iphone 7"-нің қандай кереметі бар?
Фото: ipodium.com.ua

Әлемді технологиясымен баурап, өзіне қаратып отырған "Apple" компаниясы жыл сайын дәстүрлі түрде "Iphone" ұялы байланысының түр-түрін шығарып келеді. Міне биыл күздің өзінде "Iphone 7" жарыққа шықты. Тіпті құны да құлқыңды бұзады. Бірақ осынау дүниені «дүр» сілкіндірген тағы бір "Iphone 7"-нің қандай кереметі бар. Бірге білейік.

"Iphone 7" кескіндемесі

"Iphone 7" ұялы телефонының кескіні өте нәзік әрі берік жасалған. Оның қара түстісі «Jet Black» деп аталады. Бұл барынша «бай» көрінетін түске орай жасалған. Тіпті қолыңызда сусып тұрады.

Суға түссе де қорықпаңыз

IP67 атауына ие бірегей құрылым сіздің "Iphone 7" телефоныңызды судан сақтайды. Тіпті ылғалдықтың да белгісі білінбейді. Барынша адамға ыңғайластырылып жасалған бұл байланыс құралының ерекшелігі де осы жерде. Ас үйде болсын, жаңбырлы күн болсын сіз "Iphone 7" алып шығып пайдалана беріңіз. Оған ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңа «Home» батырмасы

Iphone 7 телефонындағы «Home» батырмасы ендігі жерде механикалық жағынан жұмыс жасамайды. Бұл дегеніміз ол енді басбармақпен басуды талап етпейді дегені. Taptic Engine бұл арнайы саусақты сезуге арналған «дірілдеткіш» бағдарлама. Осы бағдарламаның көмегімен саусаңыңызды экранға апарғаннан кейін артқа қайту үдерісі өзі орындалады.

Экраны

Iphone 7-нің экарын барынша жарыққа негізделді. 25% -ға жарық беру жұмысы іске қосылған. Әрі дауыс ырғағы да бұрынғыдан да жарқын әрі анық етіп жасақталған.

Құлаққап

Құлаққабы да ерешелікке ие болды. Сымсыз жалғамалы құлаққап адамның жүріп тұруы үшін әрі қозғалуы үшін ыңғайластырып жасалды.

М. Ақан