Google: Смартфондар дәуірі көп ұзамай аяқталады

Google: Смартфондар дәуірі көп ұзамай аяқталады
Фото: thenextweb.com

Google бас директоры Сундар Пичаи смартфондар дәуірі таяуда аяқталатынына сенімді. Оның орнына жасанды сана дәуірі келеді. Алдағы уақытта қажетті ақпаратты табу үшін гаджет түрткілемейтін боламыз.

Сундар Пичаи "Бүгін біз мобильді әлемде өмір сүреміз. Бүгінде бізге ең қажет нәрсе смартфондар мен планшеттер болып тұр. Алдағы уақытта жасанды сана дәуірі келеді. Бірақ мұнымен электрондық құрылғы жойылып кетпейді, алайда оны басқаша пайдаланатын боламыз" деп, бұл басымдықты алмастыру мәселесі екенін айтты.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы