6 ГБ жады бар алғашқы смартфон

6 ГБ жады бар алғашқы смартфон
Фото: vistanews.ru

Қытайдың «Vivo» компаниясы 6 ГБ оперативті жады бар алғашқы смартфонды шығарды.

«Xplay5» деп аталатын смартфон Samsung Galaxy S6 Edge және iPhone 6 өнімдеріне ұқсатылып жасалған. Алдынан қарағанда оңтүстік кореялық компанияның смартфонын, артынан қарағанда Apple өнімін еске түсіреді.

Смартфон 5,43 дюйімді «Super AMOLED» экранымен жабдықталған. 6 ГБ оперативті жады мен 3 дауыс зорайытқышы бар. Сондай-ақ «Xplay5» смартфонының қарапайым нұсқасы да сатылымға шықпақ. Оның оперативті жады 4 ГБ-ті құрайды. «Snapdragon 652» процессорымен жабдықталған.

Екі смарфтонның да негізгі камерасы 16 мегапиксельден (алдыңғы камералары - 8 мегапиксель) тұрады. Аккумуляторы тез қуатталады. Операциялық жүйесі «Android 6.0 Marshmallow» нұсқасы бойынша жұмыс жасайды. 4G LTE, Wi-Fi (802.11 ac), Bluetooth 4.1 және GPS мүмкіндігіне ие.

Смартфондар алтын және алқызыл түсте шығарылады. Сатылымдағы бағасы 560-650 доллар шамасында болады деп күтілуде.

Ө. Сансызбай