Дрондар билей де алады (видео)

Дрондар билей де алады (видео)
Фото: mini.eastday.com

Нью-Йорктің иллюзионисті Марко Темпест дрондарды ешқандай құрылғысыз-ақ басқарып, оларды билеткен.

24 дана квадрокоптер әуеде ұшып жүріп, сиқыршының әр сөзіне бағынып билеген. Бұл сиқыр ма, әлде техниканың озық тәжірибесі ме белгісіз. Бұл құпияны сиқыршы ашпай отыр. Композиция Rhizomatiks Research атты жапон ғылыми-зерттеу компаниясының мамандарының көмегімен жүзеге асқан. Бұл жұмыстың мақсаты адамзат баласы мен роботтардың арасында үндестік барын дәлелдеу және олар өз мақсатына жетті.

Г. Берік