Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы кім?

Аралас жекпе-жек әлеміндегі беделді UFC ұйымымен келісімшартқа отырған Жалғас Жұмағұловтың қашан және кіммен жекпе-жек өткізетіні белігілі болды.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді. Қарсыласы америкалық Джордан Эспиноза болмақ. Ол мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, жетеуінде жеңіліс тапса, 14 қарсыласын ұтқан. Өткен жылы UFC-ге келгелі тек бір кездесуінде қарсыласынан басым түссе, қалған екеуінде жеңіліс дәмін татқан.

Fight Nights Global ұйымының чемпионы Жалғас Жұмағұлов болса мансабында 16 жекпе-жек өткізген. Оның үшеуінде қарсыласы есе жіберсе, қалған он үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас ресейлік Али Багаутиновты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arlan MMA Pro Team (@arlan.mma.pro)4 Мар 2020 в 12:53 PST

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. Ол 21 наурыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. Сондай-ақ Жалғас Жұмғұлов ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында жақында командаласы Сергей Морозовтың да UFC-ге өтетін айтқан еді.

Бұған қоса Мария Агапова (8-1) UFC-мен келісімшартқа отырған тұңғыш қазқстандық спортшы қыз атанды. 22 жастағы спортшы соңғы жылы Invicta FC промоушенінде екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Қыркүйек айында америкалық Алекс Коннерсті (5-4) бірінші раундта жеңсе, қарашада Бразилия өкілі Марилия Сантосты (10-4) ұтты.

UFC (Ultimate Fighting Championship) – аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарна арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

Бөлісу: