Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отыруға жақын

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов беделді UFC тұжырымымен келісімшартқа отырады. Бұл туралы спортшының командаласы, жақында UFC-ге ауысқан Жалғас Жұмағұлов мәлімдеді.

– Командаластарыңыздан кімді UFC-де көреміз? Қазақстанда турнир өтетін болса, қазақстандық спортшылардың болатыны анық…

– Сергей Морозов есімді досым әрі командаласым бар. Оны UFC-мен келісімшартқа отырды деп айтсақ болады. Екеуміз бір уақытта жекпе-жек өткізетін шығармыз. Жақында Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді. Егер жеңіске жетсе біздің кардқа қосылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы кеште Шавкат Рахмонов та шығып қалуы мүмкін., — деді Жалғас Жұмағұлов ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, күні кеше Сергей Морозовтың АҚШ визасын алғаны белгілі болды. M-1 Global ұйымы чемпиондық белбеуін бір мәрте қорғаған спортшыларын UFC-ге өтуге рұқсат береді.