Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды
Фото: FNG

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов ММА әлеміндегі беделді UFC промоушенімен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді: "Arlan MMA Pro командасының мүшесі Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырды. Осы жаңалықты асыға күткен сіздер мен бауырымды құттықтаймын", - деп жазды ол.

Fight Nights Global ұйымының чемпионы мансабында 16 жекпе-жек өткізген. Оның үшеуінде қарсыласы есе жіберсе, қалған он үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Fight Nights Global 95 турнирінде өткізді. Ол кезде Жалғас ресейлік Али Багаутиновты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық спортшы. Бұған дейін M-1 Global чемпионы болған Шавкат Рахмонов беделді ұйымның қол астына өткен. Ол 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған.

 
А. Рысдәулет