Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Күні кеше Шавкат Рахмонов 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеген болатын. Бүгін Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов қазақстандық спортшының қарсыласының есімін атады.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған.

Айта кетейік, UFC Fight Night 171 турнирі 21 наурыз күні Лондон қаласында өтеді. "Номад" лақап атымен танымал спортшы өткен жылдың шілде айында UFC-мен келісімшартқа отырды. Осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы бақ сынамаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы M-1 Global чемпиондық белбеуін 30 наурыз күні ресейлік Данила Приказамен өткен жекпе-жекте жеңіп алды. Араға үш ай салып Нұр-Сұлтан қаласында өткен аралас жекпе-жек кешінде белбеуін бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы айқаста қорғап қалды.

UFC (Ultimate Fighting Championship) –  аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарна арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 24 қаңтар, 16:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.