Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / UFC-дегі тұңғыш қазақстандық қашан жекпе-жек өткізеді?

UFC-дегі тұңғыш қазақстандық қашан жекпе-жек өткізеді?

UFC-дегі тұңғыш қазақстандық қашан жекпе-жек өткізеді?

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы (ММА) Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Қашан сегізбұрышқа шығатынымды сұрайтындар көп. Келесі жылдың басында алғашқы жекпе-жегімді қашан өткізетінім белгілі болады", - деп жазды Шавкат Рахмонов  Instagram парақшасында.

"Номад" лақап атымен танымал спортшы шілде айының соңында UFC-мен келісімшартқа отырды. Осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы бақ сынамаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы M-1 Global чемпиондық белбеуін 30 наурыз күні ресейлік Данила Приказамен өткен жекпе-жекте жеңіп алды. Араға үш ай салып Нұр-Сұлтан қаласында өткен аралас жекпе-жек кешінде белбеуін бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы айқаста қорғап қалды.

UFC (Ultimate Fighting Championship) –  аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез-келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарналар арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2019, 10:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.