Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йорк көшесінде көз арбасты

Геннадий Головкин мен Стив Роллс Нью-Йорк көшесінде көз арбасты
Фото: Tom Hogan

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты. Екі боксшы арасындағы жекпе-жекке 6 күндей уақыт қалды.

WBC International белбеуі үшін жұдырықтасатын тағы бір отандасымыз Али Ахмедов (14-0, 10 КО) пен қарсыласы Маркус МаДэниэл (15-0, 2 КО) де бетпе-бет кездесті. Олар Головкин мен Роллс жекпе-жегінің алдында жұдырықтасады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанец Геннадий Головкин и канадец Стив Роллс провели дуэль взглядов на площади Times Square в Нью-Йорке, сообщает @Vestikzgram. ⠀ Вместе с ними в этой процедуре поучаствовали казахстанец Али Ахмедов и американец Маркус МакДэниэл, поединок которых за вакантный титул WBC International во втором среднем весе станет со-главным событием вечера бокса. ⠀ "Начинаем обратный отсчет до боя", - говорится в сообщении Головкина в Instagram. ⠀ Бой Головкин - Роллс станет главным событием вечера бокса, который пройдет 8 июня на арене Madison Square Garden в Нью-Йорке. По времени Нур-Султана шоу начнется уже в ночь на 9 июня. В андеркарте вместе с Ахмедовым примет участие еще один казахстанец - полусредневес Бахтияр Эюбов, чьим соперником станет американец Брайан Себальо. ⠀ Для Головкина предстоящий бой станет первым из шести по контракту со стриминговым сервисом DAZN и дебютным под руководством нового тренера Джонатана Бэнкса. ⠀ #GGG​ #Golovkin​ #GGGBoxing​ #GGGPromotions​ #DAZN​ #MSG​ #NYC​ #KAZ​ #boxing​ #бокс​ #Головкин​ #GolovkinRolls​ #GGGvsRolls​ #ГоловкинРоллс​​ #GGGRolls​ #USA​ #США​ #Kazakhstan​ #Казахстан​ #GGGалға #GGGalga, #GGGbizbirgemyz #GGGмывместе #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)2 Июн 2019 в 6:43 PDT

Бокс кеші 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым күні ерте таңда басталады. GGG және Ахмедовтен өзге тағы бір қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) та шаршы алаңға шығады. Ол америкалық Брайан Себальомен (8-0, 4 КО) қолғап түйістіреді.

Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервисіндегі келісімшарты бойынша алғашқы жекпе-жегіне шығады. Сондай-ақ отандасымызды жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс алып шығады.

Ө. Сансызбай