Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Головкиннің 41-ші қарсыласы жайлы 7 дерек

Головкиннің 41-ші қарсыласы жайлы 7 дерек

Головкиннің 41-ші қарсыласы жайлы 7 дерек

Геннадий Головкин 8 маусым күні (Қазақстанда 9 маусым таңда) Нью-Йоркте кәсіпқой бокстағы 41-ші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс.

Қазақстандық боксшыға қарсылас табу оңай соқпағандай. Мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін біраз дүние өзгерді. Жаттықтырушысы мен промоутері жайлы түрлі алып-қашпа әңгімелер тарады. Тағысын тағылар... Ең бастысы жаңа телесеріктеспен (DAZN) келісімшартқа қол қойды. Бірақ барлығы бір күнде шешіле қойған жоқ. Ұзақ келіссөздер бойынша жүзеге асты.

Генаға келесі қарсылас атануы мүмкін боксшылар саны бірнешеу болды. Ішінде барлық тарапқа тиімді болғаны осы таңдау секілді. Стив Роллс үшін де бұл тамаша мүмкіндік.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. GGG бұл спорт кешенінде осыған дейін 5 жекпе-жек өткізген. Барлығында жеңіске жетті. Алда алтыншы рет осында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы жайлы бірер сөз айта кетсек...

1. Әуесқой бокста әлем чемпионатына қатысқан

Геннадий Головкин әуесқой бокста ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен боксшы. Стив Роллс болса отандасымыз секілді биік белестерді бағындырмаған. Дегенмен халықаралық турнирлердегі жетістігі баршылық.

2009-2010 жылдары Канада құрамасы сапында болған. Негізгі құрамда 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатына қатысқан. Бастапқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 1/16 финалда үнді боксшысы Винжендер Сингхтан ұтылған.

2. Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген

Стив Роллс кәсіпқой бокстағы жолын 2011 жылы бастады. Одан бергі аралықта 19 жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жетіп келеді. 10 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан.

3. Мықты қарсыласпен жұдырықтаспаған

Канадалық боксшы 8 жылдық мансабында атағы шыққан боксшылармен шаршы алаңда шайқаспаған. Алғашқысы - Головкин болмақ. Енді ол 8 маусымға дейін тілшілер назарында болары анық.

Гена мен Стивтің осыған дейін бокста жолдары түйіспеген. Канадалық боксшы соңғы рет отандасымыздың спарринг қарсыласы болған боксшылардың бірі Кеандре Лезерфудпен жұдырықтасқан. Сол жекпе-жекте жеңіске жетіп, орта салмақта USBA чемпиондық атағын иеленді.

4. 12 раундтық жекпе-жекке шықпаған

Стив Роллс кәсіпқой бокста ұзаққа созылған көп жекпе-жек өткізбеген. Кеандреге қарсы кездесуде ғана 10 раунд жұдырықтасқан. Ал 12 раундтық жекпе-жекке мүлде шықпаған.

5. Жолы болмаған...

Канадалық боксшының промоутері Лу Дибелла өз спортшысын осал санамайды. Тек соңғы бір сұқбатында жолы болмай келген боксшы ретінде бағалады.

- Стив Роллс осал боксшы емес. Мұнда отырып GGG-ді жеңеді деп айта алмаймын. Дегенмен ол орта салмақта бокс тарихындағы үздік боксшылардың бірі. Қиын жекпе-жек болары анық.

Стив - жолы болмаған нағыз шебер боксшы. Әуесқой бокста талай халықаралық турнирлерде бақ сынап, өзін таныта білген. Оны Эмануэль Стюарт кәсіпқой боксқа шақырып, чемпион болуына жол ашқысы келген. Алайда танымал жаттықтырушы денсаулығына байланысты Стивті жаттықтыра алмады. Жоспары жүзеге аспады. Ауыр науқастан 2012 жылы көз жұмды. Ол болғанда бәлкім канадалық осы уақытта әлем чемпионы атанып жүрген болар ма еді?, - дейді Лу Дибелла.

6. Головкин жұдырықтасатын үшінші канадалық боксшы

Геннадий Головкин үйеңкі жапырақты елдің боксшыларымен осыған дейін де жұдырықтасқан. 2008 жылы Дюссельдорфта канадалық Ян Гарднермен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша ұтып шықты. Ал 2015 жылы Давид Лемьемен өткізген жекпе-жегін жанкүйерлер ұмыта қоймаған болар. Стив Роллс - Головкин жұдырықтасатын үшінші канадалық боксшы.

Стив әр салмақта жұдырықтасты. Салмақ дәрежесін жиі ауыстырып тұрады. Қазақстандық боксшымен 164 фунт салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шығады. Генадан бойы 1 см кіші.

7. Соңғы жекпе-жегінде USBA атағын жеңген

Канадалық боксшы соңғы рет орта салмақта USBA атағын жеңіп алды. Кеандре Лезерфудке қарсы бұл кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында Торонтода (Канада) өтті. 10 раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

Стив Роллс шаршы алаңдағы шайқастарының көпшілігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та жұдырықтасқан.

Жекпе-жек бойынша екі үлкен баспасөз жиыны өтеді. Біріншісі 22 сәуір күні Нью-Йоркта болса, екіншісі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Билеттер 20 сәуірден бастап сатылымға шығады.

Фото: YouTube, twitter.com
Қосылған күні: 18 сәуір, 14:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.