UFC турнирінде алғаш рет бақ сынаған этникалық қазақ жеңіске жетті

UFC турнирінде алғаш рет бақ сынаған этникалық қазақ жеңіске жетті

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек шебері, Ресейдегі этникалық қазақ Дамир Исмагулов UFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан UFC Fight Night 142 турнирінде Дамир Алекс Горджеспен (Аустралия) кездесті. Октагондағы шайқас жоспарланған үш раундқа созылды. Дамир Исмагулов  30-25, 30-26, 30-26 есебімен жеңіске жетті.

Спортшы жарысқа қазақтың әнімен шықты. Қазақстан мен Ресейдің туын қатар ала жүрді.

Айта кетейік, 27 жастағы Дамир Орынбор өңірінің тумасы. Ережесіз жекпе-жек спортына 20 жасында келген. Оған дейін футбол мен тенниске әуесі болған. Кейіннен кездейсоқ ММА спортына құмартып, осы жолды таңдаған. Қайсар мінезді жігіт алғашқы жарыстарынан бастап-ақ нәтижеге қол жеткізген. Осы жолды таңдаған.

Дамир Исмагулов M-1 Gobal тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие. Осы жоба аясында 18 жекпе-жек өткізіп, 16-да жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін 15 маусым күні Орынборда өткізді. Беларус Артем Дамковскийді жеңіп, жеңіл салмақта өз чемпиондық атағын қорғап қалды.

Дамир UFC аясында жекпе-жекке шыққан қаны қазақ екінші спортшы. Біріншісі - Қытайдағы этникалық қандасымыз Жұмабек Тұрсын болатын. Ол үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де қарсыласына есе жіберген. Дамир болса осы беделді ұйым турнирінде қарсыласын ұтқан алғашқы қаны қазақ спортшы.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN