Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Қазақтың кім екенін дәлелдегім келеді". Исмагулов UFC ұйымында бақ сынайды

"Қазақтың кім екенін дәлелдегім келеді". Исмагулов UFC ұйымында бақ сынайды

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек шебері, Ресейдегі этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы спортшы мен менеджері Саят Абдрахманов instagram желісіндегі парақшаларында хабарлады.

27 жастағы Дамир Орынбор өңірінің тумасы. Ережесіз жекпе-жек спортына 20 жасында келген. Оған дейін футбол мен тенниске әуесі болған. Кейіннен кездейсоқ ММА спортына құмартып, осы жолды таңдаған. Қайсар мінезді жігіт алғашқы жарыстарынан бастап-ақ нәтижеге қол жеткізген. Осы жолды таңдаған.

Дамир Исмагулов M-1 Gobal тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына ие. Осы жоба аясында 18 жекпе-жек өткізіп, 16-да жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегін 15 маусым күні Орынборда өткізді. Беларус Артем Дамковскийді жеңіп, жеңіл салмақта өз чемпиондық атағын қорғап қалды.

Спортшының әлемдегі ең беделді ұйымға ауысатыны жайлы біраз уақыттан бері айтылып жүрді. Бүгін белгілі болғандай, ресми түрде хабарланды. Бұл жайында Дамирдің өзі instagram парақшасында жазып, жанкүйерлерін қуантты.

- Құрметті достар, бауырлар! Әлемдегі ең мықты саналатын UFC ұйымымен келісімшартқа қол қойғанымды зор қуанышпен хабарлаймын. Алғашқы жекпе-жегім жақын күндері өтеді. Қарсыласым өте мықты болмақ. ММА спортындағы үздіктердің талайын жеңген. Бұл қазақтың кім екенін дәлелдеуге берілген мүмкіндік! Менеджерлеріме атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін, - деп жазды спортшы.

Дамирдің  жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні, сондай-ақ қарсыласы кім болатыны жақын күндері белгілі болады.

Айта кетейік, Дамир Исмагулов UFC ұйымымен келісімге келген екінші қазақ. Біріншісі - Қытайдағы этникалық қандасымыз Жұмабек Тұрсын.

Фото: oren.ru
Қосылған күні: 16 қараша 2018, 16:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.