Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуды сұрады - WBC президенті

Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуды сұрады - WBC президенті
Фото: Геннадий GGG Головкин (vk.com)

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.

- "Канело" чемпиондық атақтарын міндетті түрде қорғайтын болады. Бірақ оның кіммен жұдырықтасқысы келсе де, еркі бар. Дегенмен Головкин мексикалық боксшымен үшінші рет жекпе-жек өткізуді сұрады. Әзірге бұл кездесу нақтыланған жоқ, қазақстандық боксшы тағы жұдырықтасқысы келетінін білдірді, - Маурисио Сулейман Киевте өтіп жатқан WBC Конвенциясы кезінде.

Екі боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтті. Жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа дейін жалғасып, Сауль Альварес төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен еді. Ал Гена мансабында алғаш рет жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарынан қол үзген-ді.

Мексикалық боксшы жыл соңына дейін бір жекпе-жек өткізуді жоспарлауда. Нақтырақ айтсақ, 15 желтоқсан күні өзінің чемпиондық атақтарын қорғамақ. Қарсыласы канадалық боксшы Давид Лемье (40-4, 34 KO) болуы бек мүмкін.

Геннадий Головкин 2019 жылдың көктемінде шаршы алаңға оралмақ.

Ө. Сансызбай