Данияр Елеусінов Әзірбайжанда өтетін халықаралық турнирге қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Данияр Елеусінов Әзірбайжанда өтетін халықаралық турнирге қатысады
Фото ©️ kfb.kz

69 кг салмақ дәрежесінде Рио де Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 8-13 наурыз аралығында Әзірбайжанда өтетін "Жібек жолы" халықаралық турниріне қатысады.

БӨЛІСУ

Данияр Елеусінов Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін әлі шаршы алаңда жекпе-жек өткізген жоқ. Кәсіпқой боксқа ауысуға бет бұрып, кейіннен бұл шешімін өзгертті. Нәтижесінде қазір ұлттық құрама сапында жаттығып жүр.

Бакуде өтетін бокс додасына Даниярдан өзге ұлттық құрама сапында Теміртас Жүсіпов (49 кг), Анвар Музапаров (52 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Қуан Қуатов (64 кг), Ерік Әлжанов (75 кг), Нұрбол Алтаев (91 кг) және Олжас Бұқаев (+91 кг) қатысады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар кеше ғана Венгрияның Дебрецен қаласында аяқталған Иштван Боскай атындағы халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті. Жаттықтырушы Марат Жақиев бастап барған жарыста отандастарымыз 3 алтын 1 күміс 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Бакудегі "Жібек жолы" жарысына дейін және одан кейін қазақстандық боксшылар Болгария ("Странджа" турнирі), Финляндия ("Gee Bee" турнирі) және Польшада ("Феликс Штамм" турнирі) өтетін халықаралық турнирлерге қатысады. Бұл жарыстарға құрама сапында кімдер қатысатыны да белгілі. 

Strandja Memorial (Болгария) - 17-26 ақпан

1. Шалқар Айқынбай (49 кг);
2. Абай Қуандыков (52 кг);
3. Нұрбол Қалжанов (56 кг);
4. Әділет құрметов (60 кг);
5. Сабыржан Бекбергенов (64 кг);
6. Қанағат Маралов (69 кг);
7. Тұрсынбай Құлахмет (75 кг);
8. Михаил Коханчик (81 кг);
9. Абзал Құттыбеков (91 кг);
10. Нұрболат Сермаханов (+ 91 кг).

Gee Bee (Финляндия) - 8-12 наурыз

1. Олжас Байниязов (52 кг);
2. Қайрат Ералиев (56 кг);
3. Закир Сафиуллин (60 кг);
4. Абылайхан Жүсіпов (69 кг);
5.Әбілхан Аманқұл (75 кг);
6. Бек Нұрмағамбет (81 кг);
7. Василий Левит (91 кг);
8. Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 кг).

Феликс Штамм турнирі (Польша) - 11-17 наурыз

1. Жомарт Ержан (49 кг);
2. Азамат Исақұлов (52 кг);
3. Ілияс Сүлейменов (56 кг);
4. Берік Әбдірахманов (60 кг);
5. Бекдәулет Ибрагимов (64 кг);
6. Асланбек Шымбергенов (69 кг);
7. Абай Төлеш (75 кг);
8. Әділбек Ниязымбетов (81 кг);
9. Антон Пинчук (91 кг);
10. Айболды Дәуренулы (+ 91 кг).

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.