Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақ боксшылары Венгриядағы халықаралық турнирдің жалпы есебінде бірінші орын алды

Қазақ боксшылары Венгриядағы халықаралық турнирдің жалпы есебінде бірінші орын алды

Қазақ боксшылары Венгриядағы халықаралық турнирдің жалпы есебінде бірінші орын алды

Венгрияның Дебрецен қаласында ұйымдастырылған "Иштван Воскай" атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Қазақ боксшылары 3 алтын 1 күміс 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

62-ші рет байрағын желбіреткен додаға әлемнің 23 елінен 160-қа жуық боксшы қатысты. Қазақ боксшылары да мажар елінің шаршы алаңында бақ сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізе білді.

56 кг-ға дейінгі салмақта финалға шыққан Ілияс Сүлейменов жарыс жеңімпазы атанды. Отандасымыз шешуші жекпе-жекте чех боксшысы Мирослав Горольді жеңді. Жастар арасында Азия чемпионы атанған Саматәлі Төлтаев (64 кг) ересектер арасындағы ең алғашқы халықаралық жарысында-ақ жеңімпаз атанды. Ол финалда моңғолдың тәжірибелі былғары қолғап шебері Чинзориг Баатарсуктан айласын асырды. Үшінші алтын медальды 69 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов иеленді. Ол финалда шаршы алаң иесі Андрас Вадашты жеңді.

Ұлттық құрама қоржынына түскен күміс жүлдені Айболды Дәуренұлы (+ 91 кг) иеленсе, Абай Төлеш (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

3 алтын 1 күміс 2 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Венгрия боксшылары (2 алтын 1 күміс 6 қола) екінші орынды иеленді. Үздік үштікті 1 алтын 1 күміс еншілеген Беларусь елінің боксшылары түйіндеді.

Қазақ боксшылары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан "Иштван Боскай" турниріне жыл сайын қатысып келеді. Биыл соңғы 3 жылдағы үздік нәтижесіне қол жеткізді. Айта кететін болсақ, 2015 жылы – 1 алтын 2 қола, 2016 жылы – 1 алтын 3 күміс, 2017 жылы 1 алтын 1 күміс 2 қола медаль еншілеген еді.

Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Оған дейін қазақстандық боксшылар Болгария ("Странджа" турнирі), Финляндия ("Gee Bee" турнирі), Польша ("Феликс Штамм" турнирі), Әзірбайжан ("Жібек жолы" турнирі) елдерінде өтетін халықаралық турнирлерге қатысады.

220 0
Рейтинг: +1

Фото: қазақ боксы, Қазақстан құрамасы, Иштван Боскай, Венгрия
Қосылған күні: 12 ақпан, 10:06
Тегтер: vk.com,
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...