"Реал" мен "Бешикташ" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

"Реал" мен "Бешикташ" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Фото: коллаж

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының V тур ойындары басталды. Түнде "Е", "F", "G", "H" топтарындағы кездесулер өтті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дүбірлі доп додасының плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы екі команда белгілі болды. Оның бірі – Мадридтің "Реалы", екіншісі – Стамбулдың "Бешикташы".

"Корольдік клуб" V турда Кипрдің АПОЭЛ командасын ойсырата ұтты. Никосияда өткен ойында мадридтік команда 6:0 есебімен жеңіске жетті. Лука Модрич пен Начо бір-бір голдан соқса, Карим Бензема мен Криштиану Роналду екі-екі голдан өз еншілеріне жазды. Сондай-ақ португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасы тарихында бір командада ең көп гол соққан футболшы ретінде рекорд жаңартты. Ол "Реал" сапындағы 98-голын соғып, 97 гол соққан Мессиді басып озды. Одан өзге "Реал" бұл турнирдегі 100-ші тарихи жеңісін тойлады.

Түркияның "Бешикташ" командасы өз алаңында "Портумен" 1:1 есебімен тең ойнап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осыған дейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне ПСЖ (Франция), "Бавария" (Германия), "Тоттенхем" мен "Манчестер Сити" (екеуі де – Англия) командалары шыққан болатын.

"Е" тобы

"Спартак" (Ресей) - "Марибор" (Словения) - 1:1

Голдар: Зе Луиш, 82 – Ясмин Мешанович, 90+2

"Севилья" (Испания) - "Ливерпуль" (Англия) – 3:3

Голдар: Виссам Бен-Йеддер, 51, 60 (пен), Гидо Писарро, 90+3 - Роберто Фирмино, 2, 30, Садио Мане, 22

Турнир кестесі: "Ливерпуль" - 9 ұпай, "Севилья" - 8, "Спартак" - 6, "Марибор" - 2.

"F" тобы

"Наполи" (Италия) – "Шахтер" (Украина) – 3:0

Голдар: Лоренцо Инсинье, 56, Петр Зелински, 81, Дрис Мертенс, 83

"Манчестер Сити" (Англия) – "Фейеноорд" (Голландия) – 1:0

Гол: Рахим Стерлинг, 88

Турнир кестесі: "Манчестер Сити" - 15 ұпай, "Шахтер" - 9, "Наполи" - 6, "Фейеноорд" - 0.

"G" тобы

"Бешикташ" (Түркия) - "Порту" (Португалия) - 1:1

Голдар: Андерсон Талиска, 41 – Аугусто Фелипе, 29

"Монако" (Франция) – "Лейпциг" (Германия) – 1:4

Голдар: Радамель Фалькао, 43 – Жемерсон, 6 (автогол), Тимо Вернер, 9, 31 (пен), Наби Кейта, 45

Турнир кестесі: "Бешикташ" - 11 ұпай, "Порту" - 7, "Лейпциг" - 7, "Монако" - 2.

"H" тобы

АПОЭЛ (Кипр) – "Реал" (Испания) – 0:6

Голдар: Лука Модрич, 23, Карим Бензема, 39, 45+1, Начо, 41, Роналду, 49, 54

"Боруссия" (Дортмунд, Германия) – "Тоттенхэм" (Англия) – 1:2

Голдар: Пьер-Эмерик Обамеянг, 31 – Харри Кейн, 49, Сон Хын Мин, 76

Турнир кестесі: "Тоттенхэм" - 13 ұпай, "Реал" - 10,"Боруссия Д" - 2, АПОЭЛ – 2.

Ө. Сансызбай