ПСЖ мен "Бавария" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

 ПСЖ мен "Бавария" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Фото: Scoopnest.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турындағы ойындар басталды. Түнде жанкүйерлер "A", "B", "C" және "D" топтарындағы кездесулерді тамашалады.

"В" тобында айқын фаворит саналған ПСЖ (Франция) мен "Бавария" (Германия) төрт турдан кейін-ақ плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді топта қалған екі ойында Еуропа лигасы жолдамасына "Селтик" пен "Андерлехт" таласатын болады. Түнде өткен ойында париждік команда "Андерлехтті" 5:0 есебімен ұтса, мюнхендік команда сырт алаңда "Селтиктен" 2:1 есебімен басым түсті.

Назарларыңызға ойындар нәтижесін ұсынамыз.

"A" тобы

"Манчестер Юнайтед" (Англия) - "Бенфика" (Португалия) - 2:0
Голдар: Миле Свилар, 45 (автогол), Дейли Блинд, 78 (пен)
Пенальти соға алмады - Антони Мартиаль («Манчестер Юнайтед»), 15

"Базель" (Швейцария) - ЦСКА (Ресей) - 1:2
Голдар: Лука Зуффи, 32 - Алан Дзагоев, 65, Понтус Вернблум, 79

Турнир кестесі: "Манчестер Юнайтед" - 12, "Базель" - 7, ЦСКА - 4, "Бенфика" - 0.

"B" тобы

"Селтик" (Шотландия) - "Бавария" (Германия) - 1:2
Голдар: Каллум Макгрегор, 74 - Кингсли Коман, 22, Хави Мартинес, 77

ПСЖ (Франция) - «Андерлехт» (Бельгия) - 5:0
Голдар: Марко Верратти, 30, Неймар, 45+4, Лейвин Курзава, 52, 72, 78

Турнир кестесі: ПСЖ - 12, "Бавария" - 9, "Селтик" - 3, "Андерлехт" -  0.

"C" тобы

"Атлетико" (Испания) - "Карабах" (Әзірбайжан) - 1:1
Голдар: Томас Тейе, 56 - Маркос Мичел, 40
Ойыннан қуылды: Стефан Савич, 88 - Педро Энрике, 59

"Рома" (Италия) - "Челси" (Англия) - 3:0
Голдар: Стефан Эль-Шаарави, 1, 36, Диего Перотти, 63

Турнир кестесі: "Рома" - 8, "Челси" - 7, "Атлетико" - 3, "Карабах" - 2.

"D" тобы

"Олимпиакос" (Грекия) - "Барселона" (Испания) - 0:0

"Спортинг" (Португалия) - "Ювентус" (Италия) - 1:1
Голдар: Бруно Сезар, 20 - Гонсало Игуаин, 79

Турнир кестесі: "Барселона" - 10, "Ювентус" - 7, "Спортинг"- 4,"Олимпиакос" - 1.

Ө. Сансызбай