Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне тағы екі команда жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне тағы екі команда жолдама алды
Фото ©️ iSport.ua

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне ерте жолдама алған тағы екі команда белгілі болды. Олар – ағылшындық "Тоттенхэм" мен "Манчестер Сити".

БӨЛІСУ

Төрт турдың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинаған "Тоттенхэм" "Н" тобынан сүрінбей шықты. Түнде ағылшындық команда өз алаңында әйгілі "Реалды" ұтты. Алаң иелері сапынан Деле Алли дубль жасаса, бір голды Кристиан Эриксен соқты. Ал "корольдік клуб" қатарынан бір голды Криштиану Роналду өз еншісіне жазды.

"Манчестер Сити" Неапольда "Наполиді" 4:2 есебімен ұтты. Нәтижесінде "F" тобында 4 турдан кейін 12 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, кеше "В" тобында ПСЖ мен "Бавария" алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.

Назарларыңызға төртінші турдың екінші күні өткен ойындар нәтижесін ұсынамыз.

Чемпиондар лигасы. Топтық кезең. IV тур

"Е" тобы

"Севилья" (Испания) - "Спартак" (Ресей) - 2:1
Голдар: Клеман Лангле, 30, Эвер Банега, 59 - Зе Луиш, 78

"Ливерпуль" (Англия) - "Марибор" (Словения) - 3:0
Голдар: Мохамед Салах, 49, Эмре Джан, 64, Дэниел Старридж, 90

Турнир кестесі: "Ливерпуль" - 8 ұпай, "Севилья" - 7, "Спартак" - 5, "Марибор" - 1.

"F" тобы

"Наполи" (Италия) - "Манчестер Сити" (Англия) - 2:4
Голдар:Лоренцо Инсинье, 21, Жоржиньо, 62 (пен) - Николас Отаменди, 34, Джон Стоунс, 48, Серхио Агуэро, 69, Рахим Стерлинг, 90+2

"Шахтер" (Украина) - "Фейеноорд" (Нидерланд) - 3:1
Голдар: Факундо Феррейра, 14, Марлос, 17, 68, - Николай Йоргенсен, 12

Турнир кестесі: "Манчестер Сити" - 12, "Шахтер" - 9, "Наполи" - 3, "Фейеноорд" - 0.

"G" тобы

"Порту" (Португалия) - "Лейпциг" (Германия) - 3:1
Голдар: Эктор Эррера, 13, Перейра Данилу, 61, Максимильяно Перейра, 90+3 - Тимо Вернер, 48

"Бешикташ" (Түркия) - "Монако" (Франция) - 1:1
Голдар: Дженк Тосун, 54 (пен) - Маркуш Лопеш, 45+1

Турнир кестесі: "Бешикташ" - 10, "Порту" - 6, "РБ Лейпциг" - 4, "Монако" - 2.

"H" тобы

"Тоттенхэм" (Англия) - "Реал" (Испания) - 3:1
Голдар: Деле Алли, 27, 56, Кристиан Эриксен, 65 - Криштиану Роналду, 80

"Боруссия д" (Дортмунд, Германия) - АПОЭЛ (Кипр) - 1:1
Голдар: Рафаэль Геррейро, 29 - Микаэль Поте,  51

Турнир кестесі: "Тоттенхэм" - 10, "Реал" - 7, "Боруссия" (Дортмунд) - 2, АПОЭЛ - 2.