Әлемдегі ең бойшаң футболшылардың бірі саналатын "Қайрат" қорғаушысы командадан кетті

О Сансызбай Корреспондент
Әлемдегі ең бойшаң футболшылардың бірі саналатын "Қайрат" қорғаушысы командадан кетті
Фото ©️ "Қайрат" ФК

Әлемдегі ең бойшаң футболшылардың бірі саналатын "Қайрат" қорғаушысы Жарко Маркович командадан кеткенін хабарлады. Бұл туралы футболшы instagram парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

Сербиялық қорғаушы жарақатына байланысты осы маусымда ойынға көп қатысқан жоқ. Басым бөлігін алаң сыртында тамашалады. Бар болғаны 10 ойынға ғана шығып, 1 гол соқты.

30 жастағы футболшы Қайрат сапына 2014 жылдың басында Румынияның "Газ-Метан" клубынан ауысып келген еді. Алматылық команда сапында екі рет Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

- Ұмытылмас 4 жыл ішінде бауыр басқан жанкүйерлер мен "Қайрат" футбол клубының ұжымына рақмет айтамын. Бұл команда менің жүрегімде мәңгі сақталады. Өкініп-ақ кетіп барамын. "Қайрат" футбол клубы мен Алматыны әрқашан қуана еске алатын боламын. Алға, "Қайрат", - деп жазды футболшы.

Айта кетейік, Жарко Маркович – Қазақстан премьер-лигасындағы ғана емес, әлемдегі бойшаң футболшылардың бірі болатын. Оның бойының ұзындығы - 2,04 см.

Осыған дейін Қайрат футбол клубының сапынан Жерар Гоу да кеткенін хабарлаған еді.