Әлемдегі ең бойшаң футболшылар

Әлемдегі ең бойшаң футболшылар
Фото: sports.ru

Спортта басты орында талант тұрады. Дегенмен физиалық хал-ахуалға да мән беріледі. Әсіресе, баскетболшылар үшін бойдың ұзын болуы аса маңызды. Сол секілді футболда да ұзын бойлы ойыншыларды кездестіріп жатамыз. Олай болса әлемдегі ең ұзын бойлы 7 ойыншыны таныстыра отырайық.

6-7. Ласина Траоре (Кот-д'Ивуар, «ЦСКА» (Ресей)) – 203.2 см

Жақында ғана «Монакодан» мәскеулік «ЦСКА» клубына ауысқан шабуылшы әлемдегі ең ұзын бойлы футболшылардың бірі. Ивуарлық ойыншы үшін Ресей чемпионаты таңсық емес. Осыған дейін ол «Кубань» мен «Анжи» клубтарында ойнаған.

6-7. Костел Пантилимон (Румыния, «Уотфорд» (Англия)) – 203.2 см

Румын қақпашысы алдағы маусымда Англияның «Уотфорд» клубында өнер көрсетеді. Осыған дейін Англияда «Манчестер Сити» мен «Сандерленд» клубтарында ойнаған.

5. Жарко Маркович (Сербия, «Қайрат» (Қазақстан)) – 2,04 см

Алматының «Қайрат» клубында ойнайтын қорғаушы Жарко да әлемдегі ең ұзын бойлы футболшылардың бірі. Сербиялық легионер қазақстандық клубта 2014 жылдан бері ойнап келеді.

4. Янг Чангпенг (Қытай, «Йинчуан Хеланшан») – 204.47 см

Янг Чангпенг «Йинчуан Хеланшан» клубында қақпашы қызметін атқарады.

Ваня Ивеша (Хорватия, «Истра») – 205.74 см

Жасы қырыққа таяп қалған қақпашы мансабын әлі аяқтай қойған жоқ. Өз елінің «Истра» клубында ойнап жүр.

Пол Миллар (Шотландия) – 208 см

Шотландиялық Пол Миллар әлемдегі ең бойшаң бойлы футболшылардың бірі. Өз еліндегі әуесқой ұжымдардың бірінде ойнайды.

Кристоф Ван Хаут (Бельгия, «Вестерло») – 209 см

Бельгияның «Вестерло» футбол клубының қақпашысы Кристоф Ван Хаут әлемдегі ұзын бойлы ойыншы саналады. Спорттық мансабын Нидерландыда бастаған.

Ө. Сансызбай