Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жерар Гоу "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты

Жерар Гоу "Қайрат" жанкүйерлерімен қоштасты

Жерар Гоу

"Қайрат" футбол клубының ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу командадан кеткенін хабарлады. Футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлерімен қоштасып, Қазақстан футбол федерациясына алғысын жеткізді.

Осыған дейін шабуылшы алматылық командамен келісімшарты аяқталысымен кететіні жайлы хабар тараған-ды. Үш маусым "Қайрат" сапында ойнап, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

28 жастағы ивуарлық футболшы алматылық команда сапына 2014 жылы Ресейдің "Краснодар" клубынан ауысып келген еді. Одан бергі аралықта Қазақстан премьер-лигасында 102 ойынға қатысып 80 гол соқты. Соңғы үш маусымда да үздік сұрмерген атанды. Ал барлық турнирлерді қоса алғанда 143 ойыннан 103 гол соққан.

- Мен барлығына рақмет айтқым келеді! Алдымен Қазақстан халқынан бастаймын. Мен сіздерді сүйемін. Мені ыстық ықыласпен қарсы алдыңыздар. Футболды жақсы көретін барлық жанкүйерлерге алғысымды жеткіземін. Рақмет ҚФФ. Қиын сәтте де, жеңісті сәттерде де Қайрат командасына қызу қолдау білдірген жанкүйерлерге көп рақметімді айтамын. Командалас әріптестеріме де алғысым шексіз. Біз барлығымыз Қазақстан футболының жоғары деңгейге көтерілу жолында тер төктік. Мен Қайрат футбол клубын ешқашан ұмытпаймын. Әсіресе клуб президенті мақтан тұтамын. Ол мені баласындай жақсы көріп, сенім артқанына,талантымды ұштауыма сеп болды. Осы хабарлама арқылы Қайрат командасымен жолымыз екі айырылғанын айтқым келеді. Мен халық командасы үшін қашанда дайынмын. Бәлкім, көп кешікпей Қазақстан футболына қуаныш сыйлау үшін қайта қауышып та қалармыз. Мен сендерді сүйемін. Алға "Қайрат", - деп жазды шабуылшы.

Айта кетейік, таяуда ғана Jeune Afrique журналы Жерар Гоу "Қайратта" жылына 2 миллион еуро алатыны жайлы жазған еді. Шабуылшыға Белградтың "Партизан" футбол клубы қызығушылық танытуда. 

Фото: "Қайрат" ФК
Қосылған күні: 13 қараша 2017, 09:04
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.