Әділет Құрметов әлем чемпионатын ерте аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Әділет Құрметов әлем чемпионатын ерте аяқтады
Фото ©️ әлем чемпионаты, Әділет Құрметов, Гамбург

Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта аттанған отандасымыз Әділет Құрметов жарысты ерте аяқтады. Отандасымыз бірінші кездесуінде грузин боксшысы Отар Еронасяннан жеңілді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жекте төрешілер 5:0 есебімен грузин боксшысын жеңімпаз ретінде таныды. Ал Әділет өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатының бірінші кездесуінде-ақ жеңіліп отыр.

Айта кетейік, кеше Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) бірінші жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.