ӘЧ-2017. Қайрат Ералиев екінші жекпе-жегінде өзбек боксшысымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
ӘЧ-2017. Қайрат Ералиев екінші жекпе-жегінде өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Германияның Гамбург қаласында басталған әлем чемпионатында 56 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Қайрат Ералиев бірінші жекпе-жегінде мексикалық Кристофер Флорес Маганамен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Қайраттың қарсыласы осал емес екенін алғашқы минуттардан байқатты. Бойының бойшаңдығы да қазақ боксшысына ыңғайсыздау болғаны рас. Десе де қарсыласының соққыларынан жылдам сытылып шығып кететін отандасымыз өз басымдығын байқата білді.

Қайрат Ералиев келесі кезеңде осы салмақтағы басты қарсыластарының бірі өзбек Муроджан Ахмадалиевпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Ержан Жомарт шаршы алаңға шығып, гватемалалық қарсыласын айқын жеңіп шыққан еді.