Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Жомарт Ержан әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жомарт Ержан әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жомарт Ержан әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Германияның Гамбург қаласында әуесқой бокстан XIX әлем чемпионаты бас­талды. Алғаш болып шаршы алаңға көтерілген отандасымыз Жомарт Ержан (49 келі) гватемалалық қарсыласы Майкл Телье Тельені айқын жеңіп шықты.

Бірінші раундтан бастап Ержан әрбір сәтті бақылауда ұстап, қарсыласын қыспаққа ала түсті. Соққы жасауда ширақ қимылдап, басымдығын сәт санап арттыра түсті. Екінші раундта гватемалалық боксшы алға ұмтыла түсіп, дөп соққыларын дарытқысы келді. Дегенмен тәжірибелі отандасымыз қарсыласынан бір бәс жоғары екенін байқата білді.

1/8 финалда Жомарт Ержан филиппиндік Ладон Родженмен кездеседі.

Айта кетейік, 25 тамыз бен 3 қыркүйек арасында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынайды. Әлем біріншілігіне Куба, Өзбекстан және Қазақ­стан елдерінің боксшылары толық құрамда қатысады. Ресей құрамасынан - тоғыз, Украинадан сегіз боксшы өнер көрсетеді.

Фото: kfb.kz
Қосылған күні: 25 тамыз 2017, 18:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.