Қанат Ислам WBA рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам WBA рейтингінде үздік үш боксшының қатарына қосылды

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңарған рейтингінде бір орынға жоғарылап, үздік үш боксшының қатарына қосылды. Отандасымыз осыған дейін IBF рейтингінде де үздік үштікке енген еді.

БӨЛІСУ

Мамыр айының соңындағы жекпе-жек қорытындысы бойынша ұйымның ресми рейтингінде ең үздік үштік құрамға қосылды. Өткен айда 4-орында еді.

Қанат Ислам бақ сынайтын бірінші орта салмақта WBA cуперчемпиондық атағы кубалық Эрисланди Лараға, ал тұрақты чемпиондық атақ америкалық Деметриус Андраде еншісінде. Ал үздік рейтинг көшін уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньо бастап тұр. Екінші орында француз Мишель Соро орналасқан.

Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, "WBO NABO" және "WBA Inter-Continental" чемпиондық атақтарына ие болған еді. 

Орта салмақта бақ сынайтын Жанқош Тұраров 10-орнын сақтап қалса, ауыр салмақта Иса Ақбербаев бір сатыға жоғарылап, 14-орынға жайғасқан.

Геннадий Головкин (37-0-0,33КО) мен Жанат Жақиянов  (27-1-0,18КО) WBA ұйымының чемпиондық атақтарын сақтап отыр. Ал Бейбіт Шүменовтің чемпиондық атақты қайтаратыны бүгін белгілі болған еді.