Головкин "НВО" арнасының нұсқасы бойынша әлемдегі үздік боксшы атанды

Головкин "НВО" арнасының нұсқасы бойынша әлемдегі үздік боксшы атанды
Фото: vk.com (Геннадий GGG Головкин)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин "НВО" телеарнасының twitter желісінде ұйымдастырған сауалнамада (үздік боксшы атанды.

GGG барлық салмақ дәрежелері бойынша үздік боксшылар қатарынан үздік шықты. Отандасымызды сауалнамаға қатысқан 11 237 адамның 38 %-ы осы атаққа лайықты боксшы ретінде таныған.

Геннадий Головкиннен кейінгі орынға жартылай ауыр салмақта WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Андре Уорд орналасқан. Ол сауалнамаға қатысушылардың 30% даусына ие болған. Үздік үштікті украиналық боксшы Василий Ломаченко (21%) түйіндеген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізеді. 

Ө. Сансызбай