2015 жылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар

2015 жылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар
Фото: kazakhstanbarysy.kz

Қазақ күресінің айтулы бәсекесіне айналған «Қазақстан барысы» турнирі бесінші рет байрағын желбіреткелі отыр. Республикалық турнир биыл шілде айының 5-інде Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Қазіргі таңда ірі доданың шешуші кезеңінде бақ сынайтын барлық облыстар мен қалалардың балуандары іріктеліп үлгерді.

Ауылдық, аудандық, қалалық және облыстық жарыстар мен турнирдің ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +80 келі, яғни абсолюттік салмақ категориясы бойынша өткізілді. Шешуші кезеңге ауылдық, аудандық жерлердегі іріктеулерден өткен облыстық кезеңдердің және Астана, Алматы қалаларының жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері жолдама алды. Дәстүр бойынша финалға іріктеу кезеңдерінен өткен 32 балуанмен қатар былтырғы жылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов та қатысады.

Республикалық шешуші кезеңде бақ сынайтын балуандар арасында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтті. Бүгін ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев балуандардың допинг қолданбағанын хабарлады. Естеріңізде болса өткен жылы төрт балуанның допинг қолданғаны анықталып, шешуші кезеңнен шеттетілген болатын.

2015 жылғы «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар

Ақмола облысы:

Нұрлан Жамалов

Әсет Жүнісов

Ақтөбе облысы:

Бақтыбай Қисықов

Шыңғыс Шоқпытов

Алматы облысы:

Александр Касачев

Қазыбек Рамазанов

Атырау облысы:

Табиғат мағауияұлы

Наурызбек Өтеуов

Батыс Қазақстан облысы:

Ерлан Мұсағалиев

Олжас Сүлейменов

Жамбыл облысы:

Айбол Айтбек

Бейбіт Ыстыбаев

Қарағанды облысы:

Ержан Шынкеев

Асыл Барменов

Қызылорда облысы:

Нұрым Сәлімгереев

Руслан Әбдіразақов

Қостанай облысы:

Ерлан Омаров

Максим Гербер

Маңғыстау облысы:

Нұрдәулет Жарылғапов

Мейрамбек аңабай

Оңтүстік Қазақстан облысы:

Жұманазар Ерсұлтанов

Нұрсұлтан Маңғышов

Павлодар облысы:

Арман Махамбетов

Алан Тұрысов

Солтүстік Қазақстан облысы:

Рүстем Жұмаев

Төлеген Жетпісбаев

Шығыс Қазақстан облысы:

Айбек Нұғымаров

Талғат Әміренов

2014 жылғы «Қазақстан барысы»: Мұхит Тұрсынов

Алматы қаласы:

Мақсат Қиқымов

Бақыт Смағұлов

Астана қаласы:

Ғани Сайділдаев

Айбат Сейтен

Айта кетейік, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. 5-шілде күні өтетін шешуші кезеңде боз кілемдегі балуандар белдесуінен өзге мерекелерге орай театрландырылған қойылымдар қойылады. Сонымен қатар, танымал тұлғаларды да қонақ ретінде шақырмақ. Жиналған жанкүйерлерді де тосынсыйлар күтпек. «Қазақстан» және «KazSport» республикалық телеарналары турнирден тікелей көрсетілімді тарататын болады.

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Ө. Сансызбай