Петропавлда «Қызылжар барысы» анықталды

Петропавлда «Қызылжар барысы» анықталды
Фото: kazakhstanbarysy.kz

Қазақ күресінен Петропавл қаласында «Қызылжар барысы» анықталып, V халықаралық «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар белгілі болды. ІІІ іріктеу кезеңіне 30 балуан қатысты.

Соңғы жылдары «Қызылжар барысы» турнирінде жауырыны жер иіскемей жүрген Рүстем Жұмаев биыл да өз атағын қорғап қалды. Ол шешуші белдесуде Төлеген Жетпісбаевты жеңді. Нәтижесінде екі балуан 5 шілде күні Астанада өтетін V «Қазақстан барысы» турнирінде Петропавл қаласының намысын қорғайтын болды. Жеңімпазға 300 000 теңге мен алтын белбеу табысталды.

123 келі салмағы бар Рүстем Жұмаев «Қазақстан барысына» үшінші рет қатысқалы отыр. Ал Төлеген Жетпісбаев (80 келі) өзінің бағын алғаш рет сынамақ.

Айта кетейік, «Қазақстан барысының» республикалық шешуші кезеңінде бақ сынайтын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді.

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысына» бесінші рет қатысады

Ө. Сансызбай