«Қазақстан барысына» қатысатын Атырау алыптары анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Қазақстан барысына» қатысатын Атырау алыптары анықталды
Фото ©️ sport.gazeta.kz

Қазақ күресінен биыл бесінші рет өткелі жатқан «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Атырау өңірінің намысын қорғайтын балуандар белгілі болды.

БӨЛІСУ

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық V турнирінің Атырау облысындағы іріктеу жарыстарының ІІІ кезеңі кеше «Атырау» спорт кешенінде өтті. Алып балуандарды анықтаған шешуші кезеңге 16 балуан қатысты. Нәтижесінде Индер ауданы атынан шыққан Сұңғат Закарияев жеңімпаз атанды. «Қазақстан барысының» екінші жолдамасын Атырау қаласы атынан белдескен Табиғат Мағауияұлы иеленді.

Өткен жылы «Қазақстан Барысы» додасында Атырау атынан Сұңғат Закарияев пен Бекболат Салықов қатысқан болатын. Екеуі де бірінші айналымнан кейін жарысты аяқтаған еді. 

Айта кетейік, «Қазақстан барысының» республикалық шешуші кезеңінде бақ сынайтын балуандар арасында 2015 жылдың 19-23 мамыр аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиыны өткізіледі. Жиын барысында балуандар тереңдетілген медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді.

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі биыл шілде айының 5-інде Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін болады. Алдағы уақытта өзге облыстардан да үздік шыққандар анықталады. 

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысына» бесінші рет қатысады