«ПСЖ» Поль Погбаның жаңа командасы болуы мүмкін

«ПСЖ» Поль Погбаның жаңа командасы болуы мүмкін

Француздық жартылай қорғаушы Поль Погбаның еркін агенті Мино Райола «ПСЖ» футбол клубының басшысы Нассер әл-Хелаифимен ойыншының болашақтағы мансабы туралы сөйлесті.

«Испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубы Погбаны сатып алғысы келген, бірақ біздің мадридтік клубқа қатты қызығушылығымыз жоқ. Себебі, олар сатып алған ойыншыларын өз деңгейінде бағаламайды және уақыты келгенде еш кәдеге жаратпай, лақтыра салады»,-дейді.

Егер Погба «ПСЖ» командасымен келісімшартқа отырса, онда Райоланың аталған клубтағы төртінші ойыншысы болмақ. Бұған дейін Златан Ибрагимович, Максвелл және Грегори ван дер Вилдің француздық командада ойнауына ықпал еткен болатын.   

Сурет:africatopsport.com

Поль Погбаның «Ювентус» сапындағы үздік голдары

«Реалдың» алдағы жазда сатып алғысы келетін ойыншылары анықталды

Ағылшын жанкүйерлері футболды түрегеп тұрып тамашалағысы келеді

B. ZHAQSYMBET