«Реалдың» алдағы жазда сатып алғысы келетін ойыншылары анықталды

«Реалдың» алдағы жазда сатып алғысы келетін ойыншылары анықталды

Мадридтік «Реал» алдағы жазда ойыншылар сатып алу үшін 200 миллион евро жұмсамақ. Ал бұл ірі көлемдегі қаржыға 4-5 ойыншыны сатып алу жоспарларында бар екен. Бұл туралы AS басылымы хабарлап отыр.

Испан басылымы таратқан ақпарат бойынша, Флорентино Перес түзген тізімге 5 ойыншы кіріпті. Тізімде алғашқылардың бірі болып, жақында ғана дортмундтық «Боруссиямен» келісімшартын ұзартқан Марко Ройстың есімі жазылған. Сонымен қатар, «корольдік клуб» басшысы өз командасының қатарынан «Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны, «МЮ» қақпашысы Давид Де Хеаны, «Порту» қорғаушысы Данилоны және «Валенсия» ойыншысы Хосе Луис Гайяны көргісі келеді екен. Осыған дейін «Тоттенхэм» клубының көшбасшысына айналып келе жатқан Хари Кейнге де мадридтік клуб қызығушылық танытып отырғаны туралы айтылған болатын. Бірақ, ағылшындық футболшы тізімге енбеген.

Естеріңізге сала кетейік, Карло Анчелотти жаттықтыратын «Реал» Испания чемпионатының XXIV тур қорытындысы бойынша көш бастап тұр. Мадридтік клуб басты қарсыласы - «Барселонадан» 4 ұпайға озып келеді.

Сурет: өңделген

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

О. Сансызбай