Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)

Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)

IBO, WBA (Super) және WBС тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин мен орта салмақтағы "Boxcino-2014" турнирінің жеңімпазы Вилли Монро Лос-Анджелес қаласында ресми бетпе-бет кездесуін өткізді.

Екі боксшы кездесуіне орай бірінші рет ұйымдастырылған баспасөз жиынында қос тараптың промоутерлері келісімге қалай келгендері мен ұйымдастырылуы жайында әңгіме қозғады. Сонымен қатар, шәкірттерінің дайындықтары мен қарсыластарының қауқары жайлы да айтылды. Өз кезегінде Геннадий Головкин мен Вилли Монро да жекпе-жек туралы өз ойларын білдірді.

- Мен өзім тұрып жатқан Лос-Анджелесте тағы бір жекпе-жек өткізгелі жатқаныма қуаныштымын. Монро – өте тәжірибелі солақай боксшы. Мен кездесу уақытын асыға күтіп жүрмін. Жанкүйерлеріме тағы бір « Big Drama Show» сыйлауға уәде беремін, - деген GGG.

- Бұл жылдамдық пен күштің бір-біріне қарсы тұратын ең қызықты жекпе-жегі болмақ. Мен дайындық жұмыстарын үш апта бұрын бастап кеткен болатынмын. Жұдырықтасуға дайынмын, - деді америкалық боксшы.

Баспасөз жиыны қос боксшының көз түйістіру салтанатымен аяқталды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Вилли Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Инглвуд қаласында орналасқан «The Forum» аренасында өтеді.  

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

Ө. Сансызбай