Қазақ боксшылары Хельсинкиден жүлделі оралды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ боксшылары Хельсинкиден жүлделі оралды

Бокстан Финляндия астанасы Хельсинкиде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «GeeBee» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа қатысқан 6 боксшымыз да жүлделі орыннан көрінді.

БӨЛІСУ

Марат Елеусінов бастап барған боксшылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде еншіледі. Финалда Азат Махметов (52 келі), Арман Рысбек (81 келі) және Нұржан Бекзатов (+91 келі) қарсыластарына дес бермей, алтыннан алқа тақты. Ал 91 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан Арбек Абдуғаниев Нидерланд елінің былғары қолғап шебері Рой Корвингтен жеңіліс тауып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Алмасбек Әлібеков (64 келі) пен Сағадат Рахманқұлов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

Сурет: kfb.kz

Оқи отырыңыз

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

Иса Ақбербаев Бразилияның танымал боксшысымен жұдырықтасады

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды