Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин 16 мамыр күні АҚШ елінің былғары қолғап шебері Вилли Монромен (кішісі) жұдырықтасатын болды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшының қарсыласы осыған дейін 20 кездесу өткізіп, 19 жеңіске жетіп (6 нокаут), тек бір жекпе-жегінде жеңіліс тапқан. Соңғы кездесуін биылғы жылдың 16 қаңтарында Брайан Вераға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен. Cонымен қатар, 2014 жылы «Boxcino» турнирінде топ жарған.

Вилли Монроның соңғы өткізген жекпе-жегі

GGG мен Вилли Монро арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Инглвуд қаласында орналасқан «The Forum» аренасында өтеді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады. 19 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтаған жерлесіміз, әлем таныған әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталаған еді. 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады