Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар анықталды (видео)

Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар анықталды (видео)

Футболдан Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тартылып, командалар келесі қарсыластарын анықтайтын болады.

Еуропа лигасы да – футболдағы тартысты додалардың бірі. Оны түнде өткен ойындар тағы бір дәлелдей түсті. Өткен жылы осы жарыстың жеңіс тұғырынан көрінген испандық «Севилья» өз атағын әзірге қорғап келеді. Олар 1/16 финалда қос кездесу қорытындысы бойынша менхенладбахтық «Боруссияны» 4:2 есебімен жеңді. Ал бұл турнирдегі басты фавориттердің бірі саналған ағылшындық «Ливерпуль» жарысты ерте аяқтады. Мерсисайдтық клуб өз алаңында бір доп басымдығымен жеңіске жеткенімен, қарымта кездесуде 0:1 есебімен ұтылды. Нәтижесінде ойын соңындағы пенальтиде түркиялық «Бешикташтың» жолы болды.

Еуропа лигасының 1/8 финалына екі ресейлік («Динамо М» және «Зенит»), екі украиналық («Динамо К» және «Днепр») команда шықты. Бұл ұжымдардың жеребе қорытындысында жолы түйісіп қалуы бек мүмкін. Егер ресейлік және украиналық клубтар кездесіп жатса, қақтығыстар орын алуы ғажап емес. Себебі, саясат «салқыны» спортта да сезілеіп жүргені ақиқат.

Плей-офф кезеңінде «Ақтөбені» жарыс жолынан шығарған Польшаның «Легия» клубы жарысты аяқтады. Олар қос кездесу қорытындысы бойынша амстердамдық «Аяксқа» 4:0 есебімен ұтылды. Ал «Астананы» плей-офф кезеңінде сүріндірген испандық «Вильярреал» жарысты жалғастырып келеді. Олар 1/16 финалда австриялық «Зальцбургты» қос кездесу қорытындысында 5:2 есебімен жеңді.

Ендеше назарларыңызға кездесулердің нәтижелерін ұсынамыз.

«Боруссия» (Менхенгладбах, Германия) - «Севилья» (Испания) – 2:3 (бірінші ойын - 0:1)

Голдар: Джака, 19, Азар, 29 – Штранцль, 8 (автогол), Мачин, 26, 79

«Динамо» (Киев,Украина) - «Генгам» (Франция) – 3:1 (бірінші ойын - 1:2)

Голдар: Теодорчик, 31, Буяльский, 46, Гусев, 75 (пен) – Мандан, 68

«Зальцбург» (Австрия) - «Вильярреал» (Испания) – 1:3 (бірінші ойын - 1:2)

Голдар: Джуричин, 18 – Вьетто, 33, 76, Дос Сантос, 79

«Легия» (Польша) - «Аякс» (Голландия) – 0:3 (бірінші ойын - 0:1)

Голдар: Милик, 11, 43 – Серреро, 13

«Фиорентина» (Италия) - «Тоттенхэм» (Англия) – 2:0 (бірінші ойын - 1:1)

Голдар: Гомес, 54, Салах, 71

«Интер» (Италия) - «Селтик» (Шотландия) – 1:0 (бірінші ойын - 3:3)

Гол: Гуарин, 88

«Бешикташ» (Түркия) – «Ливерпуль» (Англия) – 1:0 (бірінші ойын – 0:1) (қосымша уақыт, пенальти 5:4)

Гол: Арслан, 72

«Динамо» (Мәскеу, Ресей) – «Андерлехт» (Бельгия) – 3:1 (бірінші ойын – 0:0)

Голдар: Алексей Козлов, 47, Артур Юсупов, 64, Кевин Кураньи, 90+5 – Александр Митрович, 29

«Зенит» (Ресей) – ПСВ (Нидерланды) – 3:0 (бірінші ойын – 1:0)

Голдар: Саломон Рондон, 29, 67, Халк, 48

«Эвертон» (Англия) - «Янг Бойз» - 3:1 (Швейцария) (бірінші ойын - 4:1)

Голдар: Лукаку Р 25, 30, Миральяс 42 - Саного Жуниор 13

Наполи» (Италия) - «Трабзонспор» - 1:0 (Түркия) (бірінші ойын - 4:0)

Голдар: де Гузман 19

«Брюгге» (Бельгия) - «Ольборг» (Дания) (бірінші ойын - 3:1)

Голдар: Виктор Васкес С 11, Улари О 64, Болинголи-Мбомбо Б 74

«Спортинг» (Португалия) - «Вольфсбург» - 0:0 (Германия) (бірінші ойын - 0:2)

Фейеноорд» (Нидерланды) - «Рома» (Италия) - 1:2 (бірінші ойын - 1:1)

Голдар: Ману Э 55 - Ляич 45, Жервинью 58

«Олимпиакос» (Греrия) - «Днепр» (Украина) - 2:2 (бірінші ойын - 0:2)

Голдар: Митроглу К 14, Домингес А 90 - Федецкий А. 22, Калинич Н. 90+2,

«Атлетик» (Испания) - «Торино» (Италия) - 2:3 (бірінші ойын - 2:2)

Голдар: Ираола А 44, Де Маркос О 61, - Квальярелла Ф. 16, Макси Лопес 45, Дармиан М. 68

Сурет: vsyaset.ru

Оқи отырыңыз 

Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

Ө. Сансызбай