Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы кезекті ойындар мәресіне жетті. Туриндік «Ювентус» өз алаңында дортмундтық «Боруссиядан» басым түссе, каталондық «Барселона» түзде «Манчестер Ситиді» жеңді.

БӨЛІСУ

Суарес алғашқы дублін Англияда орындады

Каталондық «Барселона» бұл маусымда да «Эттихадтан» жеңіспен қайтты. Бірінші таймда белсенді өнер көрсеткен Луис Энрике шәкірттері екі гол соғуға мүмкіндік алды. Испандық клубтың уругвайлық шабуылшысы Луис Суарес дубль орындады. Бірінші голда «қалалықтардың» қорғаушысы Винсент Компани қателессе, екінші голда да қорғаушылар шабуылшыны көздерінен таса қылып алды. Екінші таймды Мануэль Пеллегрини командасы өте ширақ бастады. Бірнеше рет қонақтар қақпасына қауіп төндірді. Бірақ, нәтиже болмады. Тек 69 минутта ғана алаң иелерінің есепті қысқартуына мүмкіндік туды. «Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Серхио Агуэро гол соғып, жанкүйерлерін бір серпілтіп тастады. Алаң иелері есепті теңестіруге ұмтылды. Бірақ, ағылшындық клуб 74 минутта 10 ойыншымен қалды. Ойын тәртібін бұзған Гаель Клиши екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Кездесудің қосымша уақыты аяқталар тұста «Манчестер Сити» қақпасына неміс төрешісі Феликс Брих пенальти белгіледі. Бұл жолы Лионель Мессиге қарсы Сабалета ойын тәртібін бұзған еді. Бірақ, аргентиналық сұрмерген 11 метрлік айып соққысын сәтті орындай алмады. Джо Харт қақпасын допты өткізбеді. Кейін серпілген допты Месси қақпаға бағыттағанмен, қиыс кетті. Айта кетейік, Лионель Месси соңғы рет орындаған 10 пенальтидің (Аргентина және «Барселона» сапында) 5-еуін ғана нәтижеге айналдырыпты.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурыз күні «Камп Ноу» стадионында өтеді.

«Манчестер сити» — «Барселона» — 1:2 (0:2)

Манчестер. «Этихад» алаңы. Төреші: Феликс Брых (Германия)
Голдар: Суарес 16 (0:1), Суарес 30 (0:2), Агуэро 69 (1:2).
Пенальти орындай алмады: Месси 90+4 (қақпашы қайтарды).
Ескерту алды: Клиши 59, Фернандо 90 – Ракитич 41, Алевс 45, Адриано 88
Алаңнан қуылды: Клиши 75

«Манчестер Сити»: Жо Харт, Пабло Сабалета, Венсан Компани, Мартин Демикелис, Гаэль Клиши, Фернандо, Джеймс Милнер, Самир Насри 62 (Фернандиньо), Давид Сильва 78 (Бакари Санья), Серхио Агуэро, Эдин Джеко 68 (Вилфрид Бони).

«Барселона»: Марк-Андре тер Штеген, Даниэль Алвес 75 (Адриано), Херард Пике, Хавьер Маскерано, Хорди Альба ,Серхио Бускетс, Иван Ракитич 71 (Жереми Матье), Андрес Иниеста, Лионель Месси, Луис Суарес, Неймар 80 (Педро).

18 жылдан кейін есе қайтару

Туриндік «Ювентус» 1997 жылы Чемпиондар лигасының финалында дортмундтық «Боруссияға» ұтылған болатын. Бүгінде сол кезде ойнаған ойыншылар болмаса да, клубтар тарихындағы бұл ойынның маңызы жоғары болғаны сөзсіз. Италиялық клуб өз есесін қайтарды.

Ойындағы есеп 14 минутта ашылды. Қонақтар қақпашысы Роман Вайденфеллердің қателігін сәтті пайдаланған Карлос Тевес гол авторы атанды. Алайда араға көп уақыт салмай Марко Ройс та алаң иелері қорғаушыларының қателігінен кейін таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқталар тұста Поль Погбаның тамаша пасын оңтайлы пайдаланған Альбаро Мората «Ювентусты» қайта алға шығарды. Екінші таймда командалар таблодағы нәтижеге өзгеріс енгізе алған жоқ.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 18 наурыз күні өтеді.

«Ювентус» — «Боруссия д» — 2:1 (2:1)
Турин. «Ювентус» алаңы. Төреші: Антонио Лаос (Испания).
Голдар: Тевес 13 (1:0), Ройс 18 (1:1), Мората 43 (2:1).
Ескерту алды: Видаль 48, Перейра 79.

«Ювентус»: Джанлуиджи Буффон, Штефан Лихтштайнер, Леонардо Бонуччи, Джорджио Кьеллини, Патрис Эвра ,Клаудио Маркизио, Андреа Пирло 37 (Роберто Перейра), Поль Погба, Артуро Видаль 86 (Симоне Падоин), Карлос Тевес 89 (Кингсли Коман), Альваро Мората.

«Боруссия Д»: Роман Вайденфеллер, Лукаш Пищек 32 (Маттиас Гинтер), Сократис Папастатопулос 46 (Оливер Кирх), Матс Хуммельс, Марсель Шмельцер, Илкай Гюндоган, Нури Шахин, Генрих Мхитарян, Марко Ройс, Пьер-Эмерик Обамеянг, Чиро Иммобиле 76 (Якуб Блащиковски).

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

Чемпиондар лигасы. Роналду Мессиден озды