Чемпиондар лигасы. Роналду бүгін гол соға ма?

Чемпиондар лигасы. Роналду бүгін гол соға ма?

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші күніндегі кездесулер өтеді. Мадридтік «Реал» гельзенкирхендік «Шалькемен» кездессе, «Базель» өз алаңында «Портуды» қабылдайтын болады. Ал, біз әдеттегідей кездесулер алдындағы шолуымызды ұсынамыз.

Роналду Мессиді қуып жете ме?

Өткен маусымда да Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Шальке» мен «Реал» кездескен еді. Бұл жылы тағы қайта жолы түйісті. Гельзенкирхенде өткен бірінші ойында «корольдік клуб» 1:6 есебімен алаң иелерін ойсырата ұтты. Ал бұл маусымда да дәл осындай есеппен жеңіске жетеді деп қарау күмәндірек. Себебі, «Шальке» қазіргі таңда бундеслиганың төртінші орнында келеді. Роберто ди Маттео өз ойын жүйесін командаға енді ғана нығайтып келе жатқандай. Ала-құла ойын өткізіп жүрсе де, бүгін қорғанысқа баса мән берері сөзсіз. Алаң иелері шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылардан ақсап тұр. Гифер, Кирххофф, Горецка, Фэрманн, Дракслер, Коласинач, Фарфан, Обаси және Аого сынды ойыншылары жарақат алған. Ал керісінше «Реалдың» қорғанысын әлсіз деп қарауға болады. Соңғы ойындарында қатарынан қақпаларына гол өткізіп келеді. Оның себебі – негізгі құрам қорғаушыларының жарақат алуы. Қазіргі таңда Карло Анчелотти шәкірттері қатарынан Пепе, Серхио Рамос, Хамес Родригес, Лука Модрич және Сами Хедира жарақаттарына байланысты емделіп жатыр. Бірақ, «Реалдың» шабуыл шебі айтпаса да мықты. Роналду, Бейл және Бензема жұбы өткен ойындардың қателігін барынша жуып шаюға тырысатын болады.

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 72 гол соққан. Ал бұл көрсеткіште Лионель Месси көш бастап келеді. Оның еншісінде 75 гол бар. Өткен маусымда португалдық футболшы дубль орындаса, бүгін Мессиден озу үшін покер немесе джокер авторы атануы тиіс.

Сонымен бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Шальке» жеңісіне –6,коэффициент, тең ойынға - 4,коэффициент, «Реал» жеңісіне – 1,49 коэффициент беріп отыр.

Жанкүйер қауым асыға күткен кездесуді «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. Ойынға британдық төреші Мартин Аткинсон қазылық жасайды.

Тең қарсыластар текетіресі

Швейцариялық «Базель» мен португалдық «Портуды» алғашқы ойында аз ғана мүмкіндіктеріне қарай тең қарсыластар ретінде қарауға болады. Себебі, ойын Базель қаласында өтеді. Швейцариялық клубтың өз алаңында жанкүйерлерін жерге қарататын кездері сирек. Сонымен қатар, күтпеген ойын өрнегімен жұртшылықты таңдандыра да алады. Десе де, «Портудың» аздап фаворит екенін мойындау да керек. Оны букмекерлік кеңселер ұсынған болжамдардан да байқауға болады. «Базель» жеңісіне –3,57 коэффициент, тең ойынға - 3,23 коэффициент, «Порту» жеңісіне – 2,27 коэффициент беріп отыр.

Алаң иелері сапында аздаған кемшіліктер орын алуда. Жақында ғана ішкі біріншілікті бастаған клуб ойыншыларын бір жағынан тың деп қарауға келгенмен, екінші жағынан әлі де ойын дағдыларын қалпына келтіріп үлгерген жоқ. Мұны соңғы кездесуіндегі «Сьонға» қарсы ойынынан анық байқауға болады. Сонымен қатар, бүгін «Портуға» қарсы швейцариялық клубтың бірнеше белді ойыншылары кездесуді жасыл алаң сыртынан тамашалайтын болады.

Хулен Лопетеги жаттықтыратын «Портудың» ойыны оң қалпында. Әсіресе, қарымта шабуылда қаһарына мінген клубты тоқтату оңай емес. Егер қонақтардың бұл ойын жүйесін базельдік ұжым толықтай бақылай алса, жеңіле қоймасы анық. Бір айта кететіні, екі команда Чемпиондар лигасында алғаш рет кездескелі отыр. Ойын Астана уақытымен 01:45-те басталады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалының кешегі екі кездесуінде де тең есеп тіркелген болатын.  

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

Чемпиондар лигасы. Роналду Мессиден озды

Чемпиондар лигасы. Хави мен Тотти рекорд жаңартты

Ө. Сансызбай